Алдағы күндері еліміздің көптеген өңірлерінде қар жауады
![]() |
5-7 қараша аралығында еліміз бойынша ауа райы қарлы және салыстырмалы жылы болады деп күтіледі. |
Қазақстанның батысында тұман, ал оңтүстік, шығыс және орталық аудандарында белсенді циклон әсерінен желді болады.
Көптеген облыстарда ауа температурасы түнде -5...+5°С, күндіз -2..+3°С, оңтүстікте және оңтүстік-батыста +5...+10°С болады.
Демалыс күндері Кар теңізі аудандарынан келетін суық ауа массалары әсерінен еліміздің көптеген бөлігінде күндізгі ауа температурасының 0...-5°С дейін, оңтүстікте +2...+7°С дейін төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін