Алдағы күндері күн қайта суытады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері күн қайта суытады

Алдағы күндері күн қайта суытады

Температураның төмендеуі шамалы және қысқамерзімді болады.

  • 5 Ақпан 2018
  • 192
Фото - Caravan.kz

Синоптиктер 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Демалыс күндері аяздың беті қайтып, қардың азаюына себеп болған циклон басылуда, деп хабарлайды Қазгидромет.

Оның орнына антициклон қайта оралып, кезекті суығын әкелді. Температураның төмендеуі шамалы және қысқамерзімді болады.

Өткен аптада климаттық нормадан 15-22 градус төмен болған ауа температурасы алдағы үш тәулікте нормаға жуық және одан 2-4 градусқа төмен болады.


Батыс облыстарда ауа температурасы әдеттегі нормадан 3-8 градусқа дейін жоғары болады.