Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

 

  • 8 Мамыр 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz


Синоптиктер 2019 жылдың 9-13 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс облыстарында күндіз ауа температурасы плюс 30-38 градусқа дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі", — делінген хабарламада. Мамандардың айтуынша, оңтүстік және орталық аймақтарда да жылы және жауын-шашынсыз. Аптаның соңында суық атмосфералық фронт және Карск теңізінде қалыптасқан антициклонмен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.
 

Соңғы жаңалықтар