Алдағы тәуліктерде ел аумағында аязды күндер сақталады
![]() |
17-19 қараша күндері еліміздің басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. |
Қазақстанның солтүстік бөлігіне, нағыз қысқы ауа райы орнады. Бұл аумақта Сібір антициклоны әсерінен түнде 20 градус аяз орын алып, ал атмосфералық фронттар қар мен боран тудыруда.
Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті циклон құралуда. Ол республикамыздың оңтүстік аудандарына қарай ығысатын болады. Сондықтан бұл аймақтарда жауын-шашын болып, қар аралас жаңбыр жауады, желдің күші 15-25 м/с жетеді. Ауа температурасы түннің өзінде 0º, кей жерлерде 5º суық мөлшерінде болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін