Алдағы уақытта зейнетақыны үйден шықпай-ақ рәсімдейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы уақытта зейнетақыны үйден шықпай-ақ рәсімдейтін болады

Алдағы уақытта зейнетақыны үйден шықпай-ақ рәсімдейтін болады

Елімізде алдағы уақытта тағы бір электронды қызмет түрі іске қосылуы мүмкін. Жаңа жобаның арқасында тұрғындар ұялы телефоны арқылы өз зе

  • 14 Қазан 2016
  • 759
Фото - Caravan.kz

Елімізде алдағы уақытта тағы бір электронды қызмет түрі іске қосылуы мүмкін. Жаңа жобаның арқасында тұрғындар ұялы телефоны арқылы өз зейнетақысын рәсімдей алады. Бұл қағазбастылықтан құтылуға мүмкіндік береді.

Ол үшін азаматтар өз мәліметін сервиске енгізсе болғаны. Жобаны жүзеге асыруға Қазақстанның толық мүмкіндігі бар. Мұндай ұсынысты «Цифрлық экономика дәуіріндегі үкіметтің өзгеруі» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында SAP компаниясының мемлекеттік сервистер бағыты бойынша Орта және Шығыс Еуропа аймағындағы басқарушы директоры Наталья Панина айтты, деп хабарлайды Baq.kz

«Бұл жүйені сіздерге жүзеге асыруға болады. Себебі, барлық мүмкіндік бар. Мысалы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр. Яғни бағдарламаның іргетасы қаланған деуге болады. Енді келесі кезеңге өту қажет. Мемлекет халық үшін осы жобаны қолға алғалы отыр. Мысалы, Австралияда салық декларациялары аталмыш жүйенің көмегімен кәсіпкерлерге, азаматтарға жіберіледі. Демек осы жүйе арқылы мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының көлемі артып жатыр», — деді ол.

Сонымен қатар, аталмыш қызмет түрін дамыған мемлекеттер жиі қолдана бастаған. Себебі, бұл жүйе 1 трлн долларды айналымға шығаруға мүмкіндік берген. Наталья Панинаның пікірінше, бұл жүйе арқылы Қаржы министрлігі зейнетақы төлемдерін болжай алады. Ал азамат өз зейнетақысы туралы толық ақпаратты алып отырады.


«Әлемдегі экомикалық жағдай тұрақты емес. Ал экономикалық өсім бюджетке түсетін қаржы көлемімен есептеледі. Оның ішінде зейнетақы төлемдерінің орны зор. Сондықтан әрбір азаматтың зейнетақы төлемі туралы ақпараты маңызды. Сондықтан бұл сервистер мемлекеттің экономикалық моделін тұрақты жүргізуге мүмкіндік береді», — деді Наталья Панина.

Басқарушы директор аталмыш жүйенің қалай жұмыс істейтіндігін де түсіндіріп өтті.

«Азамат зейнет жасына жақындағанда оның ұялы телефонына хабарлама келеді. Онда азаматтың еңбек өтілі, төлемдер көлемі, жеңілдіктері көрсетіледі. Егер барлығы дұрыс болса, ол өз зейнетақысын заңды түрде рәсімдейді. Азамат бұл сервисті әлемнің кез келген жерінде пайдалана алады. Тек интернетке қосылса болғаны», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар