Жарияланды: 20

Алдағы үш күнде ауа райы жаңбырлы болады

Алдағы үш күнде ауа райы жаңбырлы болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 13-15 маусымға арналған ауа рай болжамын ұсынады.

"Жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан ауа райында өзгеріс күтілмейді. Қазақстанның көптеген облысының кей жерінде алдағы үш тәулікте найзағаймен жаңбыр және екпінді жел, сонымен қатар күндізгі уақытта бұршақ күтіледі. Ауа температурасының қысқа мерзімге жоғарылауынан кейін қайта төмендеуі күтіледі. Республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, тек Маңғыстау облысында ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін