Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде 28-30 қыркүйек аралығында суық райы сақталайын деп тұр.

  • 28 Қыркүйек 2017
  • 189
Фото - Caravan.kz

Алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстары оңтүстік циклон және атмосфералық фронтардың ықпалында болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Республиканың  солтүстік, солтүстік шығыс және орталық аудандарында батыс Сібірден кезекті суық арктикалық фронттың енуі күтіледі. Фронтардың ықпалына байланысты алдағы екі тәулікте осы өңірлерде суық ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі, жаңбырдың суыққа ауысуы байқалады.

Фронттың оңтүстік шығыс бағытына жылжуына байланысты Қазақстанның шығыс өңірінде сулы қар күтіледі, республиканың оңтүстік және оңтүстік шығысында жаңбыр күтіледі, таулы және таулы аймақтарда сулы қар жауады.


Республиканың батыс облыстарында антициклондық ықпалына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ауа температурасы барлық облыстарда климаттық нормадан 3-8 градус төмен болып сақталады.

Соңғы жаңалықтар