Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
"Қазақстанның солтүстік жартысында басымырақ найзағайлы өткінші жаңбыр тудыратын, атмосфералық фронттар Батыс Сібір арқылы жылжыйтын циклонмен байланысты", – деді синоптиктер.
Республиканың оңтүстік жартысының кей жерлерінде найзағайлы өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, бірақ мұнда кей жерлерде бұрынғысынша максималды ауа температурасы 40-43 градусқа жететін болады.