Алдағы жылы Қазақстан нарығына ислам ипотекасы жүйесі енуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы жылы Қазақстан нарығына ислам ипотекасы жүйесі енуі мүмкін

Алдағы жылы Қазақстан нарығына ислам ипотекасы жүйесі енуі мүмкін

Алдағы жылы Қазақстан нарығына ислам ипотекасы жүйесі кіреді.

  • 6 Қараша 2014
  • 854
Фото - Caravan.kz


Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Исламдық қаржыландыруды дамыту қауымдастығының төрағасы Ерлан Байдәулет осылай айтты.

«Ипотека бүгінде әлеуметтік мәселе болып тұр. Екі жылдағы жағдайды көріп отырмыз. Қазіргі банк секторы осы бағытта күрделі жағдайда жұмыс істеп отырғандығы байқалуда. Пайыздар, яғни өсімдер қиын жағдайларға әкеп соғып отырғандығына куә болудамыз. Сондықтан, әрине ислам банкі түрінде келген ипотека құны өсім болмағандықтан өте жеткілікті болады деп жоспарлап отырмыз. Осы орайда әлеуметтік мәселелер алдымен қолға алынатын болады»,- деді Е. Байдәулет. 

«Осы мәселе жиі көтеріліп жүр және біз бұл бағытта жұмыс істеудеміз. Алдағы жылы ипотекалық компанияны құру жұмыстарын атқару жоспарланып отыр», — деп атап өтті ол.