"Алданып қалдым": Ернар Айдар неліктен полиция ұстап әкеткенін өзі түсіндіріп берді – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 529.65
  • 544.64
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алданып қалдым": Ернар Айдар неліктен полиция ұстап әкеткенін өзі түсіндіріп берді – видео

"Алданып қалдым": Ернар Айдар неліктен полиция ұстап әкеткенін өзі түсіндіріп берді – видео

Әнші ұтыс ойынын ұйымдастырушылардың барлығы қамауға алынғанын хабарлады. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • 29 Сәуiр 2020
  • 120
Фото - Caravan.kz

 Заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырды деген күдікке ілінген әнші Ернар Айдар Instagram-дағы парақшасында алаяқтарға алданып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Caravan.kz  медиа-порталы  Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Әнші енді ғана телефонға қолы жеткенін айтып, өзі үшін уайымдап, қолдау көрсетіп, тілекші болып жатқан жұртқа алғысын білдірді.

"Және осы істің ақ-қарасын ажыратпай, сыртымнан сынап, қаралап жатқан ағайынға Алла сабыр берсін. Ұтыс ойынын ұйымдастырушылардың барлығы қамауға алынды. Қазір Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", — дейді Ернар Айдар.


Ол тергеудің әділ өтуіне өзі де көмек беріп жатқанын атап өтті.

"Сол тірлікке жарнама жасаймын деп мен де алданып қалдым, ағайын. Баршаңызға жақсылық тілеймін, барлығы әділ өтеді деген сенімдемін", — деп түйіндеді әнші.