Жарияланды: 6400

«Алдыңғы тістері ортасынан сынып кеткен»: Зорлық-зомбылық пен Гүлмайсаның өліміне кім кінәлі?

«Алдыңғы тістері ортасынан сынып кеткен»: Зорлық-зомбылық пен Гүлмайсаның өліміне кім кінәлі?

Белгілі заңгер Айман Омарова өмірі қыршыннан қиылған Гүлмайсаның оқиғасы жайлы YouTube-тегі өз бағдарламасында айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Аталған видеода Гүлмайсаның анасы қызының оқиғасы жайлы өз аузымен баяндайды.

«2018 жылдың тамыз айында қызым дүкенге барған, сол жерде оны мерседес көлігімен үш ер адам қарауылдап тұрған да, көлікке күштеп мінгізіп алып қашып кетен.Күштеп әкетті дегенім сол кезде оның тісі сынды. Күштеп мінгізген кезде тістері ортасынан сынып кеткен»,- деді анасы.

Артынан қыздың туыстары күштеп алып кеткен Жанат Қуанышбаевтың «Қоңыр өлең» аулындағы үйіне барған. Гүлмайса ол жерде қалмайтынын айтып, туыстарымен үйіне қайтып келген әрі полицияға барып арыз жазады. Дегенмен ертеңінде үлкен адамдардың араласуымен екі жақ келісіп, ақыры жастарды қосқан.

Айман Омарованың айтуынша, Жанат Қуанышбаев ол кезде жол полициясында қызмет атқараған көрінеді.

«Кейін Гүлмайсаның күйеуі ірі көлемде ақша ұрлады деп әйелін босалап, күш қолданып оны қағазға жаздырып алады. Егер қолхатқа назар аударсаңыздар онда бір маңызды жайт бар. Қолхатта ақшаның көлемі жазылмаған.Неге?»,- деп сауал тастады заңгер Омарова.

Анасының айтуынша, 13 млн теңге жоғалды деп кінәлаған.

Ақыр соңында Гүлмайсаны анасы таң ата өз үйінде асылып тұрған жерінен тауып алады. Айман Умарова марқұм тығырықтан шыға алмай, амалсыздан өзі өзіне қол жұмсады деп пайымдайды.

Оқиғаның толық мән-жайы видеода:

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін