Жарияланды: 20

Алексей Цой: Төтенше жағдай режимі қарастырылып отырған жоқ

Алексей Цой: Төтенше жағдай режимі қарастырылып отырған жоқ

Бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа локдаун қандай жағдайда енгізілетінін айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі кезде төтенше жағдай режимі елімізде қарастырылып отырған жоқ. Заңнамаға сәйкес, аталған жағдайды Мемлекет басшысы енгізеді және мемлекеттік комиссияда тиісті шешім қабылданады», - деді А. Цой Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол қандай кезде төтенше жағдай енгізілетінін еске салды. Бұл тұрғыда оны енгізу талабында күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен ауруханалардағы орындардың жүктемесі 70 пайыздан асқан кезде ескеріледі.

«Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесіне аса жоғары жүктеме болғанда қатаң шектеу іс-шаралары үшін тиісті шешім енгізіледі», - деді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін