Әлем бойынша қазақ армиясының қуаттылығы артты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем бойынша қазақ армиясының қуаттылығы артты

Әлем бойынша қазақ армиясының қуаттылығы артты

Қазақ армиясының айбыны асқақтады!  7 мамырда  жаһанға жар салып парад өткізген еліміздің Қарулы күштері мен әскери техникасы қуаттылығы жағынан әлем бойынша 66-орынға тұрақтады. Қазақстан бұған дейін 126 елдің ішінде 80-інші орында болатын.

  • 14 Мамыр 2015
  • 256
Фото - Caravan.kz

Мұндай тізімді әйгілі Global Firepower ұйымы жасап отыр. Ал армиясы қуатты мемлекеттердің  тізімін АҚШ, Ресей, Қытай мен Үндістан және Ұлыбритания бастап тұр. Бұл  алпауыттардың әскери техникасы мен  қару жарағы ең жойқын деп танылған.  Көш соңына  Мали, Мозамбику және Сомали. Әрбір елдің күш-куатын анықтау үшін сарапшылар 50 түрлі факторға жүгінген. Олардың ең бастысы сарбаз бен техникалардың  саны, елдің қорғаныс күшіне жұмсайтын қаржысы, тіпті, географиялық орналасуы  да есепке алыныпты.