"Әлем миссисі" Сәния Шәкірованың қазасына қатысты тың мәлімет шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әлем миссисі" Сәния Шәкірованың қазасына қатысты тың мәлімет шықты

"Әлем миссисі" Сәния Шәкірованың қазасына қатысты тың мәлімет шықты

Ыстық көл облысының соты Бішкекте көшпелі сот отырысын өткізді

  • 8 Маусым 2018
  • 70
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанның Ыстық көл облыстық көшпелі сотының шешімімен "Әлем миссисі" Сәния Шәкірова қаза тапқан жол апатына кінәлі 31 жастағы Ч. К. екі айға қамауға алынды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі. 

"Көшпелі отырыс 7 маусымда Бішкек травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының № 4 травматология бөлімінде өтті. Отырыста Ч. К.-ны тұтқындап, екі айға тергеу абақтысына қамауға шешім қабылданды, алайда дәрігерлер әзірге олай жасауға тыйым салды. Қазіргі таңда тергелушіге күзет қойылды", — деп түсіндірді милициядағылар.

Ыстық көл облыстық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, тергелушіге 7 маусым күні бұғанасына ота жасалуы тиіс болған, сол үшін оны тергеу абақтысына әкетуге тыйым салынған. Отадан кейін ол тағы бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болады. Егер жағдайы жақсарса, құқық қорғаушыларға алып кетуге рұқсат беріледі.   


Сәни Шәкірова қаза тапқан жол апаты 3 маусымға қараған түні Чок-Тал ауылында болды. Көлікті мас күйінде жүргізген 31 жастағы Ч. К. рөлге ие бола алмай, жергілікті зираттың қоршауына соғылған.   

 

Соңғы жаңалықтар