Жарияланды: 670

Әлемде бір миллиард адам кедейшілікте өмір сүріп жатыр

Әлемде бір миллиард адам кедейшілікте өмір сүріп жатыр

Бүгін Астанада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өтіп жатқан «БҰҰ және ЮНЕСКО: Жасампаздықтың 70 жылдығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі шешімін таппай отырған өзекті мәселелерге тоқталды. 

«Бүгінде Жердегі халықтың 80 пайызында азық-түлік, жұмыс жеткіліксіз және өмір сүру үшін қалыпты жағдайларға мұқтаж. БҰҰ мәліметтері бойынша 2014 жылы әлемдегі жұмыссыздар саны 203 млн. адамнан асып түсті. 10 жылдан кейін бұл көрсеткіш айтарлықтай артып, 230 млн. адамға жетуі мүмкін. Жұмыс істегенімен, күніне 2 доллардан кем табыс табатындардың саны 840 млн. адамды құрады. Осы орайда біздің ғаламшарда 1 млрд. адам жұмыс істемейді деп айтуға болады, яғни олар кедейшілікте өмір сүріп жатыр», - деді Сенат Төрағасы. 
Оның сөзіне қарағанда, әлемде соңғы он жылдықта ашыққан адамдар 125 миллионға азайғанымен, бұл көрсеткіш әлі де жоғары болып отыр. 795 млн. адам тойып тамақ іше алмай отыр. 
Бұдан бөлек, ол әлемдегі лаңкестік пен есірткі саудасына тиісті деңгейде тосқауыл қойылмай отырғандығына алаңдаушылық білдірді. 
Сонымен қатар БҰҰ деректеріне қарағанда, қазіргі кезде 750 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. 
«2014 жылы босқындар саны 60 миллионға жетті, мигранттардың жалпы саны 230 миллионнан асып түсті. 2005 жылдан 2014 жыл аралығында әлемде 3 400 стихиялық апат орын алып, онда 750 мың адамның өмірі қиылды», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін