23 тамыздағы таңғы жағдай бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 23 миллионнан асты. Бұл мәлімет Джонс Хопкинс университетінің сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Университет мәліметінше, әлемде 23 120 830 адам COVID-19 жұқтырған. 802 610 науқас қайтыс болған, 14 842 382 адам осы дерттен айықты.
Науқастар саны ең көп алғашқы ондықтағы елдер:
АҚШ — 5 664 848 адам жұқтырған, 176 321 адам қайтыс болған,
Бразилия — 3 582 362 адам жұқтырған, 114 250 қайтыс болған,
Үндістан — 2 975 701 адам жұқтырған, 55 794 қайтыс болған,
Ресей — 949 531 адам жұқтырған, 16 268 қайтыс болған,
ОАР — 607 045 адам жұқтырған, 12 987 қайтыс болған,
Перу — 576 067 адам жұқтырған, 27 245 қайтыс болған,
Мексика — 549 734 адам жұқтырған, 59 610 қайтыс болған,
Колумбия — 522 138 адам жұқтырған, 16 568 қайтыс болған,
Чили — 395 708 адам жұқтырған, 10 792 қайтыс болған,
Испания — 386 054 адам жұқтырған, 28 838 қайтыс болған.