Әлемде жылына қанша пара алынады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемде жылына қанша пара алынады

Әлемде жылына қанша пара алынады

Әлем бойынша жыл сайынғы пара көлемі триллион долларды құрайды.

  • 10 Желтоқсан 2017
  • 235
Фото - Caravan.kz


Оған қоса әлемдік экономика сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты тағы 2,6 триллион долларды жоғалтады.Бұл туралы Казинформ БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ жемқорлық кез-келген қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін үлкен қылмыс екенін еске салады. Бірде-бір мемлекет, бірде-бір аймақ сыбайлас жемқорлықтан сақтандырылмаған. «Transparency International» ұйымының мәліметінше, Ресей, Украина және Қазақстан сыбайлас жемқорлық индексімен әлем бойынша 131-ші орында тұр. Биылғы жылы БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен БҰҰДБ бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың білім, денсаулық сақтау салалары, әділеттілік пен демократияға қалай ықпал ететінін түсіндіруді көздейтін бірлескен жоба науқанын жасауда.