Әлемдегі барлық мемлекеттер алдында даму тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті тұр - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі барлық мемлекеттер алдында даму тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті тұр - Назарбаев

Әлемдегі барлық мемлекеттер алдында даму тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті тұр - Назарбаев

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдегі барлық мемлекеттер алдында даму тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті тұр. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан 14-ші пленарлық мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қазан 2008
  • 537
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде кез-келген елдің алдында күрделі сұрақ тұр — қалыптасып отырған жағдайда даму тұрақтылығын қалай қамтамасыз ету керек. Осындай жағдайда ұлт ұйысып, тұтастық таныта алмаса, ақша да, табиғи байлық та, әскери әлеует те еңсере алмайтын тауқыметтер бар. Елдің қуаты — оны мекенденетін халықтың бірлігінде», — деді Н. Назарбаев.

«Бізді қоршаған әлемде қауіп-қатерлер күшейді. Біз жетекші елдердің арасындағы кезекті дағдарысқа, жаңаша сипаттағы қару-жарақтың соңынан түсушілікке куә болып отырмыз, негізгі халықаралық ұйымдарға деген сенім әлсіреді, әлемде саяси шиеленіс ушығып, экономикалық ахуал құлдырай түсуде. Жаңа қақтығыстар туындап, көптеген елдерде лаңкестік әрекеттері жиіледі. Нәсілдік төзімсіздік, ксенофобия мен азаматтық тәртіпсіздіктер қалыпты құбылысқа айналды «, — деді президент.

«Жуырда Казказда болған оқиға әлемді дүр сілкіндірді. Шамалы уақыт қана бұрын бір-бірінің қуанышы мен қайғысын бөлісіп келген халықтар алшақтап кетті.

Осындай оқиғаның бәрі ғаламдық қаржылық дағдарыс жағдайында болып жатыр».

Н. Назарбаевтың айтуынша, «дағдарыс әлемнің барлық елдерін шарпыды. Бүгін банкрот болудың аз-ақ алдында тұрған, сырттан көмек сұрауға мәжбүр елдер бар, ірі банктер мен қаржылық ұйымдар миллиардтап саналатын шығынға батып отыр. Осыдан 2-3 жыл бұрын осындай оқиға болады деп болжап айтқан бір де сарапшы жоқ».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар