Әлемдегі ең қымбат қалта сағаты Женевадағы Sotheby's аукционында сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең қымбат қалта сағаты Женевадағы Sotheby's аукционында сатылды

Әлемдегі ең қымбат қалта сағаты Женевадағы Sotheby's аукционында сатылды

Әлемдегі ең қымбат қалта сағаты Женевадағы Sotheby's аукционында 21,3 млн долларға сатылды, деп хабарлайды BBC.

  • 12 Қараша 2014
  • 730
Фото - Caravan.kz


Henry Graves Supercomplication деп аталатын алтын сағаттаңы салмағы 500 грамм.
Оны 1930 жылдардың басында Швейцарияның Patek Philippe компаниясы Нью-Йорк банкирі Генри Грэйвстің тапсырысы бойынша жасаған. Ол өзі араласып жүрген магнаттардың бірімен әлемдегі ең механизмі күрделі сағаттың иегері атанамын деп бәстескен көрінеді.
Сағатттың стандартты сағатты, минут пен секундты көрсететін таяқшаларынан басқа 24 түрлі механизмі бар. Оның күнтізбе, екіншісі Айдың фазасын, секундтың жүзден бір бөлігіне дейін дәл көрсететін хронограф және тағы басқа функциялары бар.
920 қосалқы бөлшектен тұратын сағатты жасауға сегіз жыл уақыт кетіпті.
Сағат соңғы қожайыны – катарлық коллекционер Сауд бин Мұхаммед әл-Тани көз жұмғаннан кейін екі күннен соң сатылды. Хабарламаға сүйенсек, ол көзі тірісінде Sotheby's аукционынан қомақты көлемде қарыз алған көрінеді.