Әлемдік банк Қазақстандағы ормандарды сақтап қалу мақсатына 30 млн. доллар бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік банк Қазақстандағы ормандарды сақтап қалу  мақсатына 30 млн. доллар бөлді

Әлемдік банк Қазақстандағы ормандарды сақтап қалу мақсатына 30 млн. доллар бөлді

Әлемдік банк Қазақстандағы ормандарды сақтап қалу мақсатына 30 млн. доллар бөлді. Бұл туралы бүгін, 20-қыркүйекте "Республика аумағындағы ормандарды сақтап қалу және орманды алқаптардың ауқымын арттыру" атты жобаның тұсаукесерінде ҚР ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қыркүйек 2005
  • 570
Фото - Caravan.kz



«Жоба 2006-2011-жылдара есептелген. Оны жүзеге асыру үшін 63,8 млн. доллар қажет. Республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 28,8 млн. доллар бөлінсе, Ғаламдық экологиялық қор грант түрінде 5 млн. доллар, Әлемдік банк несие түрінде 30 млн. доллар бөліп отыр»,- деді А.Евниев.
Жоба аясында «Ертістегі қарағайлы ормандардағы биоценозды сақтап қалу және қалпына келтіру, Қызылорда облысындағы сексеуілді ормандарды сақтау, сексеуілді ормандарда мал шаруашылығымен шұғылданудың экологиялық нормаларын жобалап қолданысқа енгізу, орман шаруашылығын басқару жүйесін жетілдіру » қарастырылған.
«Жоба табысты жүзеге асырылған жағдайда бұл тәжірибе Қазақстандағы орман қорын сауықтырып сақтап қалу мақсатында қолданылатын болады»,- деді А.Евниев.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар