Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы темекі компанияларының жастарды нысанаға алуына алаңдаушылық білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы темекі компанияларының жастарды нысанаға алуына  алаңдаушылық білдіреді

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы темекі компанияларының жастарды нысанаға алуына алаңдаушылық білдіреді

Алматы. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы темекі компанияларының түрлі жарнамалар мен басқа да тәсілдерді қитұрқылықпен пайдаланып, жастарды нысанаға алуына алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 30 Мамыр 2008
  • 1067
Фото - Caravan.kz

Ал әлем бойынша темекіні тұтынудан туындайтын өлім-жітім көрсеткіші екінші орында. Бүгінгі күні шылым шегу салдарынан әрбір оныншы ересек адам көз жұмуда. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы атап өткеніндей, темекі тұтынушылардың үштен бір бөлігінен тең жартысына дейін алдын ала өлімге апаратын заңдастырылған бір-ақ өнім болып отыр.

Дәрігерлер әлемдегі жастардың көпшілігінің денсаулығына қауіп төнуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Темекі өнеркәсібі өмірінің соңына дейін аса қауіпті өнімді тұтынуы мүмкін жастарды өз тұтынушыларының қатарына қосуға барын салуда.

Жаһандық назарды аса қауіпті темекі індетіне және оның зардаптарына аудару үшін 1987 жылы 31 мамырда бүкіл әлемдік темекіден бас тарту күні жарияланды. ӘДҰ темекімен күрес жөніндегі негіздемелік конвенцияны 2003 жылдың мамыр айында қабылдаған болатын. Ол 2005 жылдың 27 ақпанында күшіне енді. Бүгінгі күні бұл құжат 150 мемлекетте ратификацияланды. Конвенцияда қоғамдық жерлерде темекі тартуға тыйым салынып, темекі өнімдерінің шығарылуына және сатылуына салынатын салық көлемінің ұлғайтылуы қарастырылған. Конвенцияға сәйкес шылым шегудің денсаулыққа аса қауіпті екендігі жөніндегі ескерпе өнімдердің сыртқы қабының жартысына орналастырылуы керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті