Жарияланды: 500

Әлемдік мұнай бағасы төмендеуде

Әлемдік мұнай бағасы төмендеуде

Әлемдік мұнай бағасы нарықтағы ұсыныстың артуына байланысты төмендеп келеді, - деп хабарлады http://24.kz/. 

Брент үлгісіндегі қара алтынның фьючерстік құны бүгін 1 пайызға құлдырады. Оның баррелі 48,5 доллардан сатылып жатыр. WTI да осыншама арзандап, 42 долларға бағаланып отыр. ОПЕК мәліметтері бойынша, ұсыныс тәулігіне шамамен 3 миллион баррельге артық. Нарықтағы биржа көрсеткіштерінің төмендеуіне Жапония экономикасының әлсіреуі туралы хабар да кері әсерін тигізіп отыр. Аралды мемлекеттің екінші тоқсан қорытындылары былтырғы жылмен салыстырғанда төмен болып шыққан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін