Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үшінші Съезі Астанада 2009 жылдың қыркүйек айының басында өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үшінші Съезі Астанада 2009 жылдың қыркүйек айының басында өтеді

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үшінші Съезі Астанада 2009 жылдың қыркүйек айының басында өтеді

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үшінші Съезі Астанада 2009 жылдың қыркүйек айының басында өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР парламенті сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев съез хатшылығының VI отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

  • 19 Қыркүйек 2007
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Съез қыркүйектің басында өткізілуге тиіс», — деді Қ. Тоқаев. Үшінші сьездің ақырғы датасы, тақырыбы мен күн тәртібі Алматыда 28 және 29 қыркүйекте өтетін хатшылықтың жетінші отырысында бекітіледі.

«Біз үшінші сьездің тақырыбына қатысты бұған дейін келіп түскен барлық ұсыныстарды қарап, бес тақырыптық блокқа біріктірдік : моральдық құндылықтар, бейбітшілік және қауіпсіздік, қоршаған орта және үйлесімділік, шынайы диалог және ынтымақтастық, әділеттілікті ілгерілету», — деді Қ. Тоқаев. «Жұмыс тобы тақырыпты дәйектеу жұмыстарын одан әрі жалғастыра отырып осы тізімнен іріктейді», — деді спикер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті