Әлемге танылған Димаштың үйленетін күні алыс емес - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемге танылған Димаштың үйленетін күні алыс емес

Әлемге танылған Димаштың үйленетін күні алыс емес

Есімі әлемге танылған Димаш Құдайберген бүгінде миллиондаған қыздардың арманына айналған.

  • 29 Тамыз 2018
  • 132
Фото - Caravan.kz

Өнер иесі тек қана қазақ қыздарының емес, шетелдік бұрымдылардың жүрегінен орын алған. Десе де, Димаштың ата-анасы болашақ келіндерінің тек қана қазақ ұлтынан болғанын қалайды.

Құдайбергеновтер отбасында келін түсіру мәселесі соңғы кездері жиі қозғалатын көрінеді. Биыл ғана қолына диплом алған Димаштың да ендігі мақсаты шаңырақ көтеру.

“Оқуын бітірді. 25-ке қарай кетті жасы. Жігіттің жасы. Сондықтан, Димаш үйленемін деп, үйге бір мөлдіретіп аруды алып келемін десе, әрине бәріне біз қуанамыз, сондай тойды күтіп жүрміз”, – дейді әншінің анасы Света Айтбаева.

“Бір күні ғашық болған кезде, өзінің сезімі қалаған кезде, бір әдемі, тәрбиелі, ибалы келінді алып келетін шығар деген үміттеміз. Ондай күндер де алыс емес шығар деп үміттеніп қоямыз”, – дейді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.

Қанат және Света Айтбаевтардың болашақ келініне қоятын талаптары баршылық. Ата-анасының айтуынша, Димаштың келіншегі бірінші кезекте қазақ ұлтынан болуы тиіс.


“Қазақы ортада, біздің ұлттық менталитетімізді бойына сіңіріп өскен бала. Біздің үйде үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидасын барлығы ұстанған. Біздің айналамыздағы ағайындардың қаншалықты талапты екенін Димаш біледі”, – дейді Димаштың әкесі.

“Қазақы, тәрбиелі, көргенді болуы керек, ең бастысы. Білімді болса екен деп айтып отырамыз. Ол енді балалардың құлағында қалатын шығар!” – дейді Димаштың анасы.

Соңғы жаңалықтар