Жарияланды: 3100

"Әлемім айналып, кең дүние төңкеріліп түскендей": Бір жыл бұрын ұлынан айырылған Ердос Қанаев әсерлі жазба қалдырды

"Әлемім айналып, кең дүние төңкеріліп түскендей": Бір жыл бұрын ұлынан айырылған Ердос Қанаев әсерлі жазба қалдырды

Осыдан бір жыл бұрын "Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі парақшасында ұлын еске алып, әсерлі жазба қалдырды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Өзіңсіз бір жыл өте шықты құлыным!
Алла Абдурахим балапаныма қамшының сабындай қысқа өмірде шымшықтың тұмсығындай ғана келте ғұмыр нәсіп етіпті. Сол санаулы жылдарында не азап көрмеді, сезінген ауыртпалығын,тартқан азабын сөзбен айтудың өзі маған өте ауыр. Әлемім айналып, кең дүние төңкеріліп түскендей күйдемін. Артыңнан құран бағыштауға ғана шамам келіп, "боталап" қаламын деп ойлаппын ба?
Бала болып еркін ойнай алмады, қалағанын ішіп, тәбеті тартқан тағамын жей алмады.
“Анашым”- деп анасын құшақтай алмады,
“Әкетай”-деп мойныма асылып еркелей алмады.
Балалық шағы болмады құлынымның. Ол үлкен адамдар да төзе алмайтын он жылға созылған ауруымен арпалысқа толы "сынақты" бастан кешірді. Сонда да қыңқ еткен дыбыс шығарып, бала болып жыламады да. Сол “сынақта” жеңімпаз болады деп сенген едім, қайтейін?! Жан-дәрменім қалғанша сені қызғыштай қорып өтемін деп ойлаушы ем!
Өзегім өртеніп жүргелі 1 жылда өте шықты. “Төзе алмаймын, төзу мүмкін емес шығар”-деп ойлаушы ем. Бірақ, көнеді екенсің. Біздің емес, Құдереті шексіз күшті Алланың маңдайға жазғаны болады екен.
Бақұл бол, балапаным. Жаның жұмақта деген сөз ғана көңіліме медет. Хайырлысын білуші Алла! Мүмкін Аллахым бұл жалғандағы қиналысыңды пейіштегі үлкен сыйымен алмастырғаны шығар?!
Алла салды, біз көндік! Аллам алдыңнан жарылқағай", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ердос Қанаевтың ұлы сынақпен өмірге келіп, былтыр өмірден өткен болатын.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін