«Бүкіл әлем тағдыры Еуразия кеңістігінде Ислам дінінің қандай түрі жеңіске жететіндігіне байланысты», — деді А. Кураев. «Мәселе қазір бұл жерге Ислам атынан уағыз айтып кім келетіндігінде болып отыр. Бұндағы адамдар вахаббиттік және экстремистік оқу орындарында тәрбиелене ме, олар ауғандық «Талибанның» көшірмесі бола ма, әлде бұл жерде Исламның философиялық дәстүрі, Ибн Сина (Авиценна) дәстүрі қайта өмірге келе ме?», — дей келе, Исламның қандай да бір бағытының таралу кеңістігінің өсуі мемлекетке байланысты екендігін атап өтті.
Ғалымның пікірінше, мемлекет өзінің бүкіл қорын халықтың діни сауатын ашу үшін пайдалану керек. «Менің ойымша, Ресейде, Қырғызстан мен Қазақстанда мемлекеттік православиелік және мұсылман телеарналары қатар жұмыс істесе орынды болар еді», — деді А. Кураев. «Олар қатаң мемлекеттік бақылауда болып, әртүрлі тілдерде бір нәрсені: дін — бұл бейбітшілік дегенді жеткізу үшін жұмыс істеулері керек», — деді ол.
Тілшілердің сауалдарына жауап бере отырып, ғалым Украинадағы «қызғылт-сары» және Қырғызстандағы «қызғалдақ» төңкерісінің «бір стратегиялық бастамашылары болуы мүмкін екендігін» атап өтті. Оның ойынша, Ресей және Қырғызстандағы орыс қоғамы 2005 жылдың наурызындағы елдегі биліктің ауысуына еш қатысы жоқ. Профессордың айтуынша, Майдандағы адамдардан «Ресейге және жалпы онымен байланыстының бәріне деген белгісіз дұшпандықты» байқауға болар еді. «Ал бұл жерде ондай еш нәрсені көріп тұрғаным жоқ», — деді А. Кураев. Мен Қырғызстандағы алаңда болған кезімде менен өз ойымды айтуды сұрап мінберге сүйрелеуге тырысты», — деді ол.
Профессор сөзіне сенсек, Украина мен Қырғызстандағы оқиғаларға «Вашингтонда бірдей қызығушылықпен қарауы және тіпті оқиғаның бұлайша өрбуін бір жағынан қолдан ұйымдастыруы да мүмкін».
Андрей Кураев Бішкекке Торонтодан 9 мамырда келді, кеше ол Қырғызстан астанасында дәріс оқыған соң Ошқа ұшып барды, ал одан әрі үзіліссіз Алматыға, Черногорияға, Норильскіге , Красноярскіге ұшып бармақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті