"Әлемнің тізгіні, өйткені, Диірмен тартатын к...ттерде": - Балғынбек Имаш - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әлемнің тізгіні, өйткені, Диірмен тартатын к...ттерде": - Балғынбек Имаш

"Әлемнің тізгіні, өйткені, Диірмен тартатын к...ттерде": - Балғынбек Имаш

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш бетперде жайлы өлең жазды. 

  • 23 Ақпан 2021
  • 107
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бетперде (маска) туралы баллада

Уханьнан былтырғы көктемде,
Карантин "наконец" жеткенде.
Тордағы тотыдай қызыға,
Қарадық торғай мен кептерге.

Келген де, кірген де, кеткен де,
Желген де, жүрген де, өткен де,
Тағуға міндетті сол кезден,
Індеттен "қорғайтын" Бетперде.

Ұшсаң да ұшақпен көктерде,
Шықсаң да белес пен бөктерге,
Бетперде міндет деп бәріне,
Адамзат хұқығын шектеуде.

Адамзат қасырет шеккенде,
Жабылды Мәдина, Меккем де.
Әзәзіл шақырды әлемді,
Құдайға құлшылық етпеуге.

Тұншығып деміне көп пенде,
Қысылып жүрегің, өкпең де,
Бетперде себепкер болып тұр,
Жойылып кетуге беттеуде.

Қарамай шенге де, шекпенге,
Мен деген басылды от кеуде.
Бетперде зиянын білсе де,
Қорқады бар әлем "жоқ" деуге.

Не үшін, кім үшін бетперде?
Түсінсін мынаны көп пенде:
Бетперде міндеттеу тоқтайды —
Бар әлем вакцина еккенде!

Кім сонда әлемді реттеуде?
Өрмекші? Супермэн? Бетмэн бе?
Білмейміз, себебі, маңайдың,
Бәрінде, бәрінде — Бетперде!

Шындықтың шырайы кеткен бе?
Сұмдықтың күн-айы жеткен бе?
Бетсіздік мінезге айналар,
Бетперде киілген беттерде.

Ғаламды құл санау — Бетперде,
Санаңды тұмшалау — Екпең де!
Шымылдық артында әлдекім,
Дайын тұр қаныңды төккенге…

Патшаға, басқаға кектенбе,
Билікті бермейді бектерге.
Әлемнің тізгіні, өйткені,
Диірмен тартатын к…ттерде", деп жазды желідегі парақшасында.

Айтыскер ақынның оқырмандары да қалыс қалмай өлең арнауды жалғай түсті. 


"Қорғай ма бір қабат бетперде?

Төбеңнен тажал у сепкенде,

Жетімің шырылдап, шырқырап,

АҚШ-қа сатылып кеткенде,

Бетінде бетперде əскерің,

Қартыңды аяусыз тепкенде.

Өзге ұлт өзіңді аяусыз,

Құл қылып жұмысқа жеккенде.

Байлығың, жер асты қазынаң,

Шетелге есепсіз кеткенде.

Халқым — аш, ақшаның барлығы,

Бұл күнде шенді мен шекпенде.

Тойымсыз жей берер кигендер,

Бетперде үстіне бетперде…". 

"Сұрапыл! Мен мировой занавесті сөз қылдым, сіз елдегі шымылдықтың астындағы шындықты аштыңыз", деп Балғынбек мырза оқырманына тәнті болды. 

 

Соңғы жаңалықтар