Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі - 2023 жеңімпаздары марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі - 2023 жеңімпаздары марапатталды

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі - 2023 жеңімпаздары марапатталды

Елімізде құқықтық құзыреттерді дамытуға, цифрлық теңсіздікті төмендетуге және қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған 11 әлеуметтік жоба пайда болады. Олардың барлығы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған «Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі әлемнің орнықты дамуына бағдарлар» республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының жеңімпазы атанды.

  • 24 Мамыр 2023
  • 40
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, 2008 жылдан бастап әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы өзімен аттас жәрмеңке аясында өтіп келеді. Осы уақыт ішінде Қор 300-ден астам коммерциялық емес ұйымды қолдады. Маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған гранттарды барлық жастағы санаттағы тұрғындар үшін инклюзияны, білім беруді, мәдениетті, спортты, кәсіптік бағдарлауды және бос уақытты ұйымдастыруды дамыту саласындағы мәселелерді белсенді шешуші ҮЕҰ иеленді.

Биыл байқау үш номинация бойынша өтті: «Құқықтық құзыреттер: сыйластық мәдениеті және заңдылықты сақтау», «Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттыру» және «ҮЕҰ үшін коммуникациялар: халықпен жұмыс істеудің үздік стратегиялары». Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен, соның ішінде ауылдық жерлер мен шалғайдағы елді мекендерден 150-ден астам ұйым қатысты. Бірақ байқау шарты бойынша тек 50 жоба финалға шықты.

— ҮЕҰ-да бей-жай қарамайтын, шығармашылық, талантты адамдар жұмыс істейтінін білеміз. Бірақ олардың жәрмеңкеде ұсынғаны күткенімізден де асып түсті. Бұл заман талабына сай және аймақтардағы ең өткір әлеуметтік мәселелерді шеше алатын жарқын инновациялық идеялар. Айта кетейік, 29 жобалық өтінім ауылдық жерлерден келіп түсті. Бұл ауылдық ҮЕҰ әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге көбірек араласқанын көрсетеді, — деді жәрмеңке үйлестірушісі Гүлнәр Ершиманова.

Жәрмеңке мен байқау тақырыбын дамытуда іс-шараға қатысушылар мен ҮЕҰ-ның барлық мүдделі өкілі үшін екі онлайн тренинг өтті. ҚБТУ бизнес мектебінің қауымдастырылған профессоры Қайыржан Әбдіхалықов PhD сыни ойлауды дамыту бойынша тренингте тыңдаушыларға пікірлесуде объективтілікті қалай сақтау керектігін түсінудің және кәсіби міндеттер мен мәселелерді шешуге сыни көзқараспен қараудың маңыздылығын айтты.

Ал «Медиа сабак» қорының директоры және «Медианы қолдау орталығы» қорының бағдарламалық директоры Айчурек Усупбаеваның тренингінде қатысушылар ақпараттық сауаттылық тақырыбына үңілді. Олар ақпарат көздерін талдауға, бағалауға, әлеуметтік желілердің ерекшеліктерін түсінуге және өз жұмысы үшін медиа құралдарды қолдануды үйренді. Тренинг аясында спикер тәжірибелік кейстерді, сонымен қатар, өзекті ресурстар мен құралдарға қол жеткізуді ұсынды.

Жәрмеңкенің басты оқиғасы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі еді. Екі күн ішінде 50 финалист Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған инновациялық идеялар мен әлеуметтік шешімдерді қорғады.

— Жәрмеңкедегі керемет шығармашылық атмосфера осы форумның барлық қатысушысының оң энергиясының арқасында қалыптасты. Шынында да, жәрмеңкенің бірегей жетістігі – бұл қоғамды дамытуға деген талпынысы бар және осы ортақ іс үшін білімі мен тәжірибесін аямайтын адамдар. Аталған жәрмеңке еліміздің азаматтық секторының дамуына зор үлес қосып, өсіп, кеңейе түседі деп сенемін, — деді қазылар алқасының мүшесі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Зүлфия Байсақова.

Биылғы жеңімпаздар:

• «Құқықтық құзыреттер: сыйластық мәдениеті және заңдылықты сақтау» номинациясында:

• «Антибуллинг-Светофор» («Менің үйім» халыққа әлеуметтік көмек көрсету және дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы);

• «Республиканская школа правовой грамотности для людей, затронутых туберкулезом» («Мейірімді жол» қоғамдық қоры, Алматы қ.);

«Инклюзивное образование для всех» («АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігі, Петропавл қ.);

«Юридический путь: Село, готовься к защите своих прав!» («Панорама» ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігі, Тараз қ.).

• "Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттыру» номинациясында:

«Жастардың психикалық денсаулығы және суицидтің алдын алу» («Ой бренд» қоғамдық қоры, Қызылорда қ.);

• «Үміт сәулесі» («Денсаулық-зор байлық” мүгедектер қоғамдық бірлестігі, Алматы облысы, Кеген ауылы);

«Информационно-методическая поддержка семей и работников здравоохранения по вопросам оказания паллиативной помощи» («Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (ҚПКҚ), Алматы қ.);

«Развитие деятельности сервисного центра Инва СТО» («ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, Астана қ.).

• «ҮЕҰ үшін коммуникациялар: халықпен жұмыс істеудің үздік стратегиялары» номинациясында:

«Қ@З@ҚШ@ ТЫҢД@ Д@ С@ЙР@!» (Академик З. Қабдоловтың жеке қоры, Атырау қ.)

• «Jasyl Bolashaq» («Kaz Eco Patrol» қоғамдық бірлестігінің филиалы, Талдықорған қ.);

«Цифровая грамотность» («Zhas Дәурен» жеке мекемесі Басқұдық ауылы, Маңғыстау облысы).

Бұлардың барлығына әрқайсысына 3 миллион теңгеге дейін (жоба бюджетіне сәйкес) грант беріледі.

 

#Нұрсұлтан Назарбаев Қоры
Соңғы жаңалықтар