Жарияланды: 480

Әлеуметтік түйткілдерді шешу - 2003-жылдың бірінші жартысындағы үкімет жұмысының басты нәтижесі болып табылады - ҚР Елбасы

Әлеуметтік түйткілдерді шешу - 2003-жылдың бірінші жартысындағы үкімет жұмысының басты нәтижесі болып табылады. Еліміздің 2003-жылдың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған үкіметтің кеңейтілген отырысында бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.

Н.Назарбаев осы орайда мемлекеттік қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 23 мың теңге, орташа зейнетақы 8 мың теңгеге жеткенін ерекше атап өтті. Қазақстан тұрғындарының саны биылғы бірінші жарты жылдықта 26 мың адамға артып, балалар арасындағы өлім көрсеткіші кеміді. Елбасының айтуынша, бұлардың барлығы көңілге тоқ көрсеткіштер. "Үкіметке тікелей берген тапсырмаларымның арқасында жаңа жылдан бастап халықтың тұрмыстық деңгейі одан әрі өседі",- деді Елбасы. Алайда, кедейлік пен жұмыссыздықты жою тауқыметтерін шешуге бағытталған жұмыстар нысаналылығымен ерекшеленбей отыр деді Елбасы. Бұл ретте Астанадан басқа барлық аймақтардағы көрсеткіш төмен қалпында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть