Әлеуметтік желі әйелдерді сенімсіз етеді – психологтар - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік желі әйелдерді сенімсіз етеді – психологтар

Әлеуметтік желі әйелдерді сенімсіз етеді – психологтар

Британиялық психологтар әлеуметтік желілер әйелдерді сенімділіктен айыратынын анықтады.

  • 9 Мамыр 2018
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар арнайы зерттеу жұмысын жүргізген. Оның қорытындысы Британиядағы психологтар қоғамдастығының конференциясында айтылды.

Зерттеу жұмысына 100 әйел қатысады. Психологтар әр әйелдің әлеуметтік желіде қанша уақыт отыратынын анықтаған. Кейін олар әйелдерге сауалнама жүргізіп, қыз-келіншектер түрлі сұраққа жауап береді.

Нәтижесінде психологтар әйелдер қанша уақыт әлеуметтік желіде отырса, олар әдемілік туралы көп ойланатынын байқаған. Ал бұл жағдай оларды өздерін сенімсіз сезінуге итермелепті.

«Әйелдер әрдайым армандайды. Мұны баяғыдан білеміз. Бірақ әлеуметтік желілер олардың ықпалын одан әрі күшейте түсті. Әйелдер әлеуметтік желіде өздерін құрбыларымен салыстырады. Ал олар өздерінің сыртқы келбетін арнайы фильтр арқылы жақсартады. Содан соң өзін өзгелермен салыстырып, күйзеліске түседі», — дейді психологтар.


Соңғы жаңалықтар