Әлеуметтік желі шынайы қарым-қатынасты бұзады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік желі шынайы қарым-қатынасты бұзады

Әлеуметтік желі шынайы қарым-қатынасты бұзады

Желіде араласуға әуесқойлықтың зияны туралы теория расталды. Бұл жолы тәжірибеге Twitter әлеуметтік желісі мен әртүрлі жастағы 581 ер және әйел адам қатыстырылды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

  • 28 Мамыр 2014
  • 1908
Фото - Caravan.kz

Қатысушылардың күніне желіге енетін санын, твиттер санын, хаттарды қарау, басқалардан келген хаттарды қарау, өзгелерге жіберілген хаттарды оқудың санын білу үшін олардың арасында сауалнама жүргізілді.

Сондай-ақ, қатысушылардан жолдастарымен қаншалықты жиі ұрсысатынын сұраған. Үйдегі ұрыс-керіс пен Желідегі байланыс бір-бірімен байланысты болған, деп жазады Росбалт.

"Жұбайлар арасындағы ұрыс-керіске әлеуметтік желі себеп болып жатады. Өйткені қарым-қатынастағы романтика жоғалып, адамдар бір-бірінен алыстайды. Кей жағдайларда әлеуметтік желі опасыздықтың орын алуына да себеп болып жатады", — деп есептейді медицина қызметкерлері.