Әлеуметтік желіде көптен күткен iPhone 6-ның суреттері пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік желіде көптен күткен iPhone 6-ның суреттері пайда болды

Әлеуметтік желіде көптен күткен iPhone 6-ның суреттері пайда болды

Тайваньдық актер және әнші Джимми Лин weibo әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында алдағы Apple iPhone 6 смартфонының суретін жариялаған. 

  • 16 Маусым 2014
  • 467
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 3dnews-ға сілтемемен Day.Az хабарлайды.

Өткен жылы Джимми Лин әлі шықпаған iPhone 5с смартфонының фотосын жариялаған.

Сол себепті тайваньдық актер ұсынған суреттер бұған дейінгі анонимді дерек көздерінің ақпаратына қарағанда әлдеқайда сенім ұялатады.

Алайда, бір айта кетерлігі, актер таныстырған құрылғы оның прототипі ғана болуы мүмкін. Смартфонның соңғы дизайны қандай болады дегенді кесіп айту қиын. Осы жылы Apple  4,7 және 5,5 дюимді экрандарымен жаңа екі нұсқасы ұсынады деп күтілуде.