Әлеуметтік желіде Моңғолиядағы су тасқынынан қаза тапқан баланың суреті жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік желіде Моңғолиядағы су тасқынынан қаза тапқан баланың суреті жарияланды

Әлеуметтік желіде Моңғолиядағы су тасқынынан қаза тапқан баланың суреті жарияланды

 

  • 14 Шiлде 2016
  • 1274
Фото - Caravan.kz

Моңғолияның қандастарымыз тұратын Баян-Өлгий аймағындағы тасқыннан екі адам қаза тапқан. Екеуі де балалар. Бұл туралы Caravan.kz тілшісіне сол елдегі қазақ блогері Жанарбек Ақыби хабарлады.

Оның айтуынша, 3 жасар бүлдіршін суға кетіп көз жұмған. «Әкесі шулап жатқан жұртты су алған үйлерінен шығарамын деп жүгіріп жүргенде, өз перзенті селге кетіпті. Ал анасы әлі есін жимаған» дейді блогер.

Жанарбек Ақыби сол бүлдіршіннің суретін Фейсбуктегі арнайы топқа жариялады. Ол кішкентай перзентінен айырылып, қара жамылған отбасыға барыпты. «Әкесіне: «Балаңыздың фотосын жариялауға рұқсат етіңіз, елдің көз алдында бейнесі қалсын» деп едім, келісті. Ол жылап тұрып келісті, мен де жылап тұрып фотоны алып кеттім. Ал баланың атын сұрамаппын» дейді блогер.

Баян-Өлгийдегі тасқын салдарынан көз жұмған екінші бала 16 жасар болған екен. Оны селдің кесірінен тоқ соққан.

    Сел сындырған домбыра

Бұрын хабарлағанымыздай, Баян-Өлгийде өткен жексенбі күні су тасқыны салдарынан 130 үй қирап, 700 қандасымыз баспанасыз қалған еді. Соған байланысты еліміздегі белсенді азаматтар, атап айтқанда, «Қазбілім» орталығының директоры
Аятжан Ахметжан
қандастарға жәрдем ретінде банктен есеп-шот ашты. Олар келесі аптада жиналған қаржыны алып, Моңғолияға жол жүргелі отыр. Бүгін апат аймағына еліміздің премьер-министрі Кәрім Мәсімов барып, ондағы қандастарымызға көмек берілетінін, ешкімнің шет қалмайтынын айтты. Моңғолия билігі де өз тарапынан жәрдем болатынын жеткізді.

Ал Жанарбек Ақыбидің айтуынша, Баян-Өлгийдегі су тасқынынан зардап шеккендердің хәлі әлі де мүшкіл. Жергілікті билік оларға жаңа жер бөліп берген екен. Бірақ ол жақта су, электр, басқа да қажеттіліктер атымен жоқ. «Баспана салатын да ақшалары жоқ. Бәрі кедейлер. Тек киіз үйі барлары сонысын тігіп алған» дейді блогер.

 

Соңғы жаңалықтар