Әлеуметтік желідегі жол ережесін бұзуға қатысты бейнероликтер көбіне айыпты кісілерді жауапқа тартуға мүмкіндік бермейді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік желідегі жол ережесін бұзуға қатысты бейнероликтер көбіне айыпты кісілерді жауапқа тартуға мүмкіндік бермейді

Әлеуметтік желідегі жол ережесін бұзуға қатысты бейнероликтер көбіне айыпты кісілерді жауапқа тартуға мүмкіндік бермейді

Әлеуметтік желілерде орналастырылған жол ережесін бұзу фактілеріне қатысты бейнероликтер көбіне айыпты кісілерді жауапқа тартуға мүмкіндік бермейді.

  • 11 Маусым 2014
  • 376
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

«Азаматтарымыз көшелердегі өрескел заң бұзушылықтар туралы бейнероликтерді интернетке орналастырып жатады. Бірақ, жүйелі түрде орналастырылып жүрген бұл роликтер әзірге өңделіп жатқан жоқ . Бірақ, көбіне ондағы бейнематериалдарды пайдала отырып, айыпты азаматтарды жазалауға болар еді. Өкінішке орай, мұнымен ешкім айналысып жатқан жоқ», — деді ол сейсенбі күні Астанала Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында.

А.Кравченконың айтуынша, жүргізуші куәлігінен айырылса да, көлік тізгіндеп жүргендер аз емес.


«Үш аптада жүргізуші куәлігінен айырылса да темір тұлпарын тізгіндеп жүрген 134 адам анықталды. Оның 15-і көлікті мас күйінде басқарған болып шықты. Олардың жүргізуші куәлігінен айырылғанын біле тұрып, достары да сол көлікке мінген. Осындай жүргізушілерге жазаны қатаңдатып, нақты бақылауды күшейту арқылы біз бұл салада тәртіп орната аламыз», — деп атап өтті прокурор.