Әлеуметтік желілерді ешкім бұғаттамайды - министр - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік желілерді ешкім бұғаттамайды - министр

Әлеуметтік желілерді ешкім бұғаттамайды - министр

Өткен аптада мәжілісте балалар құқықтарын қорғау туралы заң жобасы мақұлданды

  • 18 Наурыз 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров балалар құқығын қорғау туралы заң жобасы аясында әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл жерде кибербулинг мәселесі бар. Балаларды қорғау қажет.Қазір кейбір адамдар қауіптеніп отыр. Бірақ ешкім әлеуметтік желілерді бұғаттамайды", — деді Омаров журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, заң жобасында әлеуметтік желілерді бұғаттау өкілеттілігін ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне беру мәселесі қарастырылмаған.

"Неше түрлі жағдай болады ғой. Мысалы, оқушы қыздардың фотосын әлеуметтік желідерде жариялап, жағымсыз етіп көрсетеді. Ал балаларға қарсы қылмыстарға келер болсақ, біз олардың суретін жариялағанда бетін жабуды үйрендік ғой. Заң арқылы кибербулингке тыйым салғанымыз дұрыс", — деп атап көрсетті Омаров.

Айта кетері, өткен аптада мәжілісте балалар құқықтарын қорғау туралы заң жобасы мақұлданды. Негізгі мақсаты – әлеуметтік желідегі кибербулингпен күрес.


Осы құжатқа сәйкес, Қазақстанда Facebook пен Instagram сияқты әлеуметтік желілердің өкілдері болады. Олар ақпарат және қоғамдық даму минстрлігінің тапсырысы бойынша құқыққа қайшы контентті жойып отырады. Ол үшін кибербуллингке ұшыраған баланың ата-анасы министрлікке арыз түсіруі керек.

Соңғы жаңалықтар