Алғашқы қазақстандық қарбыздар ресейге жөнелтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алғашқы қазақстандық қарбыздар ресейге жөнелтілді

Алғашқы қазақстандық қарбыздар ресейге жөнелтілді

Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінде орналасқан "Тың" ауылының диқаны Мүйтенбаев Бекжігіт өз иелігіндегі 1 гектарға ерте пісетін пленка астындағы қарбыз егіп, 25 тонна өнімді Ресейге жөнелтті.

  • 26 Мамыр 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Baq.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Наурыз айының басында қарбыздың 70 күнде пісетін "Долбый" атты сортын екі қабат пленка астына ектік. Ауа-райы қолайсыз болған кездерде уайым болды. Алайда барлығы ойдағыдай болды. Өнім жерде қалған жоқ. Бағасы да көңілімнен шықты, — дейді шаруа.

Жетісай ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін 45 гектар аумақтың қарбызы мен 11 гектардың қауыны піскелі тұр.