Әли Оқапов пен Диас Аблаевтың тойдағы видеосы тексерілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әли Оқапов пен Диас Аблаевтың тойдағы видеосы тексерілуде

Әли Оқапов пен Диас Аблаевтың тойдағы видеосы тексерілуде

Әлеуметтік желілерде қазақстандық жұлдыздар мен блогерлер қатысқан тойдың видеосы пайда болды.

  • 26 Сәуiр 2021
  • 44
Фото - Caravan.kz

Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топтардың бірі тексеріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеоға қарағанда мерекелік іс-шара Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы әнші Диас Аблаевтың туған күніне орай ұйымдастырылғанын аңғаруға болады. Шараға қатысушылар арасында Әли Оқапов, Индира Еділбаева және бірнеше Instagram-блогер бар.

Ресми ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алматының мониторингтік тобы қазір бұл деректі зерттеп жатыр.

"Видео бақылау тобына жіберілді. Іс-шара қай жерде өткенін анықтаймыз", — деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиетің тойдағы видеосы тексерілген болтын. Ұйымдастырушылар мен әртістер жазалануы мүмкін екені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар