Әліби Жұмағұловтың танысы оның үстінен полицияға шағым түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әліби Жұмағұловтың танысы оның үстінен полицияға шағым түсірді

Әліби Жұмағұловтың танысы оның үстінен полицияға шағым түсірді

Әліби Жұмағұловтың танысы оның үстінен полицияға шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД өкілдеріне сіл

  • 8 Қазан 2016
  • 529
Фото - Caravan.kz

Әліби Жұмағұловтың танысы оның үстінен полицияға шағым түсірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

"2016 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қалалық ІІД-ге А есімді азаматша танысы Әліби Жұмағұловтың үстінен көлігінде қалып қойған ноутбугін қайтармай жүргеніне шағымданған. Алғашқы тергеу шараларының барысында ноктбук иесіне қайтарылды, ал қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тергеу тоқтатылды", — деп хабарлады Астана ІІД өкілдері.

Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғу оқиғасына байланысты атышулы іс 2015 жылдың сәуірінде шыққан болатын. Сол уақытта жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіде баласын елордалық белгілі бизнесмен Қайрат Жамалиев ұрып-соқты деп, суреттер жариялаған еді. Кейін Қайрат Жамалиев қамауға алынып, сотталған. Сот Жамалиевті 13 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеген болатын.


Соңғы жаңалықтар