Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды

Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды

Қазақстан көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды.

  • 4 Маусым
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

30-31 мамыр күндері Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға «Құрметті бапкер» атағы берілді. 

Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқаруда. 

Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Париж Олимпиадасында Эльжана Таниева көркем гимнастикадан ел намысын қорғайды. 

Әлия Мақсұтқызы Қазақстан намысын Олимпиадада абыроймен қорғаған алғашқы гимнаст. Ол 2004 жылғы Афины Олимпиадасында 4, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 5-орын алған. 

Одан бөлек, Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның абсолютті чемпионы. 

Соңғы жаңалықтар
Хиджап киюге тыйым салынды
Жаңалықтар 23 Маусым