Әлихан Смайылов мектептерге талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуды жеделдетуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлихан Смайылов мектептерге талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуды жеделдетуді тапсырды

Әлихан Смайылов мектептерге талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуды жеделдетуді тапсырды

 

  • 7 Наурыз 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2-3 жылда барлық мектепке талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартуды тапсырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Отырыста Үкімет басшысы мектептерде оқу процесін цифрландыру жайында баяндама жасаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектен: «Барлық мектепте талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартуды қанша уақытта іске асырасыздар?», — деп сұраған еді.

Сұраққа жауап берген вице-министр оған 4 жыл керек екендігін айтты.


Оның атап өтуінше, 525 мектепке 2024 жылы, 558 мектепке 2025, 1006 мектепке 2026 жылы, 1035 мектепке 2027 жылы талшықты-оптикалық желілер жеткізілетін болады.

«Бұл жұмысты жеделдету керек. 4 жыл емес, 2-3 жылдың ішінде бітіру керек», — деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар