Жарияланды: 920

Алимент төлемегендер екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алимент төлемегендер екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін Сурет - elista.org

Алимент берешегінен жалтарып жүрген азаматтар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Астана қалалық прокуратурасында осы тақырыпты қаузаған арнайы жиын өтті.

Жалпы елордада 19 мың азамат алимент төлеуге міндеттелген. Алайда оның екі мыңы жұмыссыздығына байланысты ана мен бала алдындағы борышын өтемей келеді. Сондықтан қалалық прокуратура арнайы жобаны қолға алды. Жаңа бастама негізінде 500 борышкер салалық мамандықтар бойынша жұмысқа тартылады. Егер олар қызметтен бас тартса, заң алдында жауап береді, - дейді прокуратура өкілдері. Қазір Астанада 7 мың жасөспірім алдында 400 млн теңге көлемінде қарыз бар.

Бұл тұрғыда Астана қаласы прокуратурасының 4-басқарма проркуроры Серік Нұрмаханов "Алимент берешегін азайту жобасы талқыланды. Бұл жобаның негізгі басты мақсаты – алимент берешегін төлемей жүрген борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету. Сол арқылы алимент ала алмай жүрген жас өспірімдерге ақшасын жеткізу болып табылады", дейді.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін