"Әл-Каида" көшбасшысының өлімі: АҚШ азаматтарды сақ болуға шақырады
![]() |
АҚШ тұрғындарды "Әл-Каида" (Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) жетекшісі өлтірілгеннен кейін антиамерикалық зорлық-зомбылық ықтималдығынан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reutersагенттігіне сілтеме жасап. |
АҚШ Мемлекеттік департаменті лаңкестік ұйым жетекшінің өлтірілуі "Әл-Каида" жақтастарын АҚШ нысандарына немесе бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауға итермелеп, америкалықтарға қарсы зорлық-зомбылықты арттыруы мүмкін деп ескертті.
"2022 жылдың 31 шілдесінде әл-Завахири қайтыс болғаннан кейін "Әл-Каида" немесе оған қатысы бар террористік ұйымдардың жақтастары АҚШ нысандарына, қызметкерлеріне немесе азаматтарына шабуыл жасауға әрекеттенуі мүмкін. Мемлекеттік департамент қазір антиамерикалық зорлық-зомбылық ықтималдығы жоғары деп санайды", - делінген хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін