Алкогольсіз сусындарға сұраныстың 93% отандық өндірушілер қамтамасыз етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алкогольсіз сусындарға сұраныстың 93% отандық өндірушілер қамтамасыз етеді

Алкогольсіз сусындарға сұраныстың 93% отандық өндірушілер қамтамасыз етеді

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда отандық өндірушілер алкогольсіз сусындарға сұраныстың 92,8% қамтамасыз еткен.

  • 14 Мамыр 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат energyprom.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Зерттеулерге сәйкес, 2017 жылы отандық өндірушілер сұраныстың 93,2 процентін қамтамасыз етті. Қазақстанның ішкі нарығында сусындар сатылымы бір жылда 21,4 процентке өскен, яғни қазақстандықтар көбірек сусын ішетін болды.

Қаңтар-наурыз айларында қазақстандық компаниялар 239,7 млн литр алкогольсіз сусын өндірген (бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 9,1 процентке көп), сондай-ақ 125,2 млн литр минералды су (+25,9 процент) шығарған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша, алкогольсіз сусын өндіретін өңірлердің арасында Алматы облысы (ҚР бойынша үлесі — 62,3 процент), Алматы (11,9 процент) және Оңтүстік Қазақстан облысы (8,9 процент) көш бастаған.


Минералды және газдалған су өндіру бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы (46,5 процент), Ақмола облысы (13,5 процент) және Алматы (9,2 процент) қаласы алдыңғы қатарда тұр.

 

Соңғы жаңалықтар