"Алла жаныңды күйдірсін": Бекболат Тілеуханның дауысына ұқсас қарғыс айтылған аудиожазба тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алла жаныңды күйдірсін": Бекболат Тілеуханның дауысына ұқсас қарғыс айтылған аудиожазба тарады

"Алла жаныңды күйдірсін": Бекболат Тілеуханның дауысына ұқсас қарғыс айтылған аудиожазба тарады

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ҚР халық әртісі Бекболат Тілеуханның әлдекімге қарғыс айтқан аудиосы әлеуметтік желіде желдей есті.

  • 20 Тамыз 2020
  • 1785
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Youtube желісіндегі "Oilan tap" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дау-дамай әлеуметтік желідегі белсенді Серік Боқанның Бекболат Тілеуханды сынаған жазбасынан басталған. Онда автор депутат Бекболат Тілеуханды «Қытайдан келген бір қазаққа жәрдем бермеді және пандемия кезінде ешкімге көмектеспеді» деп сынайды.

Көп ұзамай әлеуметтік желіде Бекболат Тілеуханның дауысына өте ұқсас аудиожазба тарады. Ондағы адам әлдебіреуді оңдырмай қарғайды. 

Жазбаның кімге арналғаны белгісіз, көпшілік Серік Боқанға бағытталған деп топшылайды. 

"Ақыретте жағаңнан алам! Инша-Алла! Бүкіл намазымда Алла сенің жаныңды шырылдатсын деп қарғыс айтамын! Намазымда қарғыс айтатын бірнеше адамның тізімі бар еді. Енді сен де сол тізімге қосылдың. Лә иллаһа ил Аллах!", — деп айтылған аудиожазбада.

Белгілі журналист Серік Абас Шах та Facebook желісіндегі парақшасында Бекболат Тілеуханның оны да қарғағанын айтты.

"Естіген кезде, таңдана қоймадым.
Қарғыс бағытталған жігітті жақын танымаймын. Фейсбукте белсенді екен. Жазғаны жақпай қалған шығар? Екеуі де аман болсын!

Бұл туралы бұрын айтпаған едім…
“Список” дегеннен шығады ғой.

Бір жыл бұрын Бекеңмен көшеде кездесіп қалдық. Мен кіргелі тұрған мекеме ғимаратынан шығып келе жатыр екен. Ойымда ештеңе жоқ, күліп амандасып жатырмын.

Әлеуметтік желіде кей әрекет-қылығы үшін сынап немесе қалжыңға айналдырып жүрсем де әлгі “кейіпкерлерімді” дұшпанға балау немесе жек көру әдетімде жоқ. Көбімен күліп-ойнап амандасамыз, әңгімелесеміз, тіпті мерекелерде бір-бірімізді смспен құттықтап та жатамыз.

Бекеңнің әзіліме де, әңгімеме де құштар емес екенін сезсем де ескі танысым ретінде сәлемімді аяп қалмадым.


— Сәлем, Беке? Қалайсыз?
— Менде қалған атаңның өші бар ма? (қаны басына шапса керек, танысымның түкірігі шашырып кетті)
— Беке, атамызды араластырмай ақ қояйық. Тіл байлығыңыз жетеді ғой, ойыңызды басқаша жеткізерсіз.
— Менде қалған атаңның өші бар ма?
— Не айтқыңыз келіп тұр?
— Мен енді ештеңе айтпаймын. Меккеге барғанда саған қарсы дұға оқыдым. Аллах сені тәубеңе келтіріп, аяғыма жықсын деп сұрадым. Көресің, күт енді…
— Беке, Ораза кезінде, қасиетті Меккеде жақсы тілек тілемеуші ме еді. Мынауыңыз не?
— Аллах жазаңды берсін!
— Беке, мына қылығыңыз тұлға ретінде де, жігіт ретінде де жараспайды сізге. Оның үстіне “жүйелі қарғыс жүйесін, жүйесіз қарғыс иесін табады” дейді ғой.

Бекең мені тыңдағысы келген жоқ. Түкірігі шашырап, тағы бірдеңелерді айтып бара жатты. Қарғап-сілеу шығар", — деп жазды Серік Асбас Шах.

Айта кетейік, Аудиожазбада расымен де Бекболат Тілеуханның дауысы ма, әлде монтаж ба ол жағы белгісіз.Себебі бұл депутаттың беделіне нұқсан келтіру үшін қасақана жасалған іс-әрекет болуы да мүмкін.Әзірге аталған аудиожазбаға қатысты халық қалаулысы ешқандай түсінік берген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар