"Алладан қорықсаңдар - біреуі жақсы": Күйеулеріне тоқал алуға тыйым салған әйелдер қауымы пәтуә шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алладан қорықсаңдар - біреуі жақсы": Күйеулеріне тоқал алуға тыйым салған әйелдер қауымы пәтуә шығарды

"Алладан қорықсаңдар - біреуі жақсы": Күйеулеріне тоқал алуға тыйым салған әйелдер қауымы пәтуә шығарды

Қазіргі таңда блогер әйелдер жиналып алып, бір-біріне сұхбат беру "модаға" айналған сыңайлы.

  • 2 Мамыр
  • 296
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желінің шарықтап тұрған кезеңі деп айтсақ, артық емес. Бір-біріне сұхбат беріп отырғандар қаншама. Қозғайтын тақырыптары, шариғат, ақша, сауда, тағысын тағы өздеріне ыңғайлы тақырыптарды, ыңғайына бұрып алып, құдды бір ғалым немесе пәтуә беруші ма дерсің.

Бұл тұрғыда орамал таққан әйелдер қауымы да қалысар емес. Анығында, шынайы мұсылманбыз деген әйел затының желіге бұлай өз суреті, дауысы, видео жүктеу мүлдем дұрыс емес! Шариғат — рұқсат етпейді!

Орамалды әйелдер қауымы орамалды тағуды жәй «модаға» айналдырғандай.

Сондай, «пәтуә берушілер» қатарынан мынадай әңгімені көзім шалды.

«Алладан қорықсаңдар — біреуі жақсы», деп орамалды әйелдер сұхбаты желіде желдей есті.

-Тоқал алу десе, шаштары тік тұрып, жүректері дүрсілдеп, қуанбайтын еркек жоқ. Күйеуіме 50 жасымда саған тоқал әперемін дедім. Айтқанымды құлағына құйып алған. Тоқал әресің ба, деп айта береді. Сені 3-4 ит талаған жақсы ма, әлде, мен, бір ит талаған жақсы ма десем, біреу талағаннан кейін, 4-еуі де талап тастасын да, деп прикол ұстайды. Негізінде абзалы- біреуі деп өзі айтады.

«Алладан қорықсаңдар- біреуі жақсы» деді сұхбат алушы ханым.

«Жақсы айттыңыз, үйге барып айтамын осыны. кез-келген еркек тоқал алғысы келіп тұрады. Бірақ, оның артында тұрған нәрсесін ойламайды. Ол бер жағындағы рахатын ғана ойлап тұр. Ар жағын ойламайды. Оның екі анасы болады, екі қайын жұрт болуы мүмкін, екі жақтан бала болуы мүмкін, екі жақтан екі мінез болуы мүмкін. Екеуінің бірдей көңілін таппасаң, Алла сені жазалауы мүмкін. Өйткені, сен біреуігің көңіліне тиіп қойдың делік, оның бәрінің көңілін табу керек», деп күйеуінің тоқал алуына қарсылықтарын білдіріп, өздері түрлі шешім шығарып қойған.

«Оебой, өздеріне пәтуі шығарып отыр. Олай жаңалық шығара бермеңдер», «Әділдік қыла алмасаң- біреуі жақсы», «Мына қатын өзі не айтып отырғанын білмейді», деп жазды оқырмандар.

Соңғы жаңалықтар