Алматы абақтысында зорланған әйелдің ісі прокурорлардың бақылауында - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы абақтысында зорланған әйелдің ісі прокурорлардың бақылауында

Алматы абақтысында зорланған әйелдің ісі прокурорлардың бақылауында

Алматы абақтысында зорланған Наталья Слекшинаның ісі прокуратураның бақылауында, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Азамат Базылбеков.

  • 15 Шiлде 2016
  • 424
Фото - Caravan.kz

"Наталья Слекишинаны бірінші рет зорлаған кезде ол колония басшысының міндеттерін атқарушы Ермек Омарбековке өзінің іш-киімін көрсетіп, зорланғанын айтқан еді. Алайда, оның зорлануына қатысты ешқандай шаралар қолданылмапты. Бірнеше апта өткен соң ол тағы зорланды. Салдарынан Наталья Слекишина жүкті болып қалды. Егер де колония басшысының міндеттерін атқарушы сол кезде тергеу жұмыстарын жүргізіп, оның өтінішін жоғарыдағыларға жібергенде, мұндай жағдай болмас еді", — деді зорланған әйелдің адвокаты Айман Омарова.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс тағайындалып, арыз қабылданған. Ол сараптама жасау үшін тоқтатылған, бүгінде қылмыстық істі тергеу объективті жүргізілуі үшін прокуратураның бақылауына алынған", — деді Базылбеков. 


Соңғы жаңалықтар