Алматы әкімдігі Алатау ауданындағы өнеркәсіп аймағына инженерлік желілер тарту үшін үкіметтен 13,5 млрд теңге сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімдігі Алатау ауданындағы өнеркәсіп аймағына инженерлік желілер тарту үшін үкіметтен 13,5 млрд теңге сұрады

Алматы әкімдігі Алатау ауданындағы өнеркәсіп аймағына инженерлік желілер тарту үшін үкіметтен 13,5 млрд теңге сұрады

Алматы әкімдігі Алатау ауданындағы өнеркәсіп аймағына инженерлік желілер тарту үшін үкіметтен 13,5 млрд теңге сұрады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Маусым 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

Қала әкімі Ахметжан Есімов жұма күні үкіметте Алматыны дамыту жөнінде өткен отырыста: «Алатау ауданында салынып жатқан Индустриалды аймақ өңір экономикасының өсуіне маңызды үлес қоспақ. (… ) 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде осы аймаққа инженерлік желілер тарту үшін 13,5 млрд теңге бөлу қажет», — деді.

Әкімнің айтуынша, индустриалды аймақ жалпы 490 гектар алқапты алып жатыр. Онда 110 өнеркәсіп орны мен коммуналдық кәсіпорын орналастырылмақ. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі қала бюджеті есебінен әзірленді. Мамандар оның жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға кірісті, мұның жалпы құны 453,2 млн теңге.

Соңғы жаңалықтар