Алматы әкімдігіне қой жетектеп келген ел жылу маусымы басталғанмен үйіміз мұздай деп шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы  әкімдігіне  қой  жетектеп  келген  ел жылу маусымы басталғанмен үйіміз мұздай деп шағымданды

Алматы әкімдігіне қой жетектеп келген ел жылу маусымы басталғанмен үйіміз мұздай деп шағымданды

Алматы қаласының әкіміне суыққа тоңған тұрғындар бүгін қой сыйлады. Ахметжан Есімовпен кездесіп, бір тоқты тарту етпек болғандардың барлығы жылу маусымы басталғанмен үйіміз мұздай деп шағымдануда. Қажетті шаралардың қолданылмауы шенеуніктердің қарны ашқандықтан деп түйді әкімдікке қой әкелгендер.

  • 26 Қазан 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz

Жыл сайын құбыр біткенді қазып, қыс тақағанда алқымнан алып ағайынды үсіретін әдет биыл да қалмапты. Сол суыққа мұздаған мұқым ел қала әкімдігіне тартты бүгін. Тартулары бар, мына тоқтыны мал базарынан 30 мың теңгеге сатып алыпты. Ақшаны тоңған тұрғындар бірігіп жинаған. Әдемі жіптермен әрленген жандыққа қала әкімі Ахметжан Есімовтің көңілі толмаса басқа малды да жетектеп келмек жұрт.

Мұрат Телібеков, Қазақстан Мұсылмандар Одағының төрағасы:

Әр үйден бір қой немесе бір бұзауды сүйретіп алып келсін. Бұзауға келіспесе жылқыны алып келеміз. Жылқыға келмесе бір түйені алып келеміз. Маңғыстаудың мұсылмандары бізді қолдап жатыр. Бір түйені алып келеді Маңғыстаудан. Енді өлеміз бе, не істейміз? 

Қойды көліктен түсіріп, әкімдікке беттеген Мұрат мырза мұратына жетпеді. Дереу тәртіп сақшылары қоршап қойды, ғимаратқа кіргізбеді. Қанша безендіргені де есепке алынбады жандықты.

Шын жүректен осындай сыйлықты берейін деп жатырмыз, телефон шалып айтыңыз, әкім өзі шығып мына қойды алсын!

— Мен телефон шала алмаймын ғой.

— Апарайықшы жақсы көреміз біздің әкімді.

— Жо-жоқ, болмайды, аға.

Артынша арнайы рұқсат қағазын алуға барғанда ол жақтың есігі де тарс жабылды Телібековтың алдынан. Ақыры ғимаратқа кіріп сүт пісірім уақытта шыққан Мұрат Телібеков жұрттың назын әкімге жеткізе алмайтынын айтты. Қала басшысы орнында емес екен, қауырт қызметке кетіпті. Ал қойды Телібеков кері тиеп қайтуға мәжбүр болды. Расында қаланың қақ ортасындағы тұрғын үйлердің тұрғындары мұздап отыр қазір. Бұл «Көктем» ықшам ауданы. Пәтерлердің құны көкке шапшығанмен, қараша жетсе де жұртшылық жылына алар емес.

Қойды қабылдай алмаған қала әкімі күні кеше ғана қарамағындағы шенеуніктерді қуырып алған. Жылу маусымына үнемі атүсті қарайсыңдар деп іреп салғаны бар. Әзірге одан орасан нәтиже шығар емес.


Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

Өз жұмыстарыңды дұрыстап жоспарлай алмайсыңдар! Барлығың пәтер иелері кооперативіне жабуға әуессіңдер. Аудан әкімдерінің барлығы бірнеше жыл осы лауазымда отыр. Қайда қарадыңдар? Жылуы жоқ үйлердің барлығын жеке аралап, түгел құжаттарын дайындап маған жеке әкеліп тапсырасыңдар.

Көктем мен жазда маужырап, күзде есінеп барып қысқа дайындықты есіне алатын жауаптылар әлі толыққанды қалаға жылу бере алар емес. Айта кету керек, биыл қала қазынасынан жылу маусымына бөлінген қаржы былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Ал республикалық бюджеттен осы салаға бөлінген қаражат өткен жылғыдан 134 пайызға артық.

Соңғы жаңалықтар