Әкім су жинау құрылғысын, су сору стансасының жұмысын, плотинаның қазіргі техникалық жағдайын тексеріп шықты. Сондай-ақ, қала әкімі селден жапа шеккен аумақтың тұрғындарымен кездесіп, олардың жағдайымен танысты.
Тұрғындар төтенше жағдайдың салдарын жоюда барлық құрылымдар табанды еңбек етіп, аудан өмірін қайта қалпына келтіргенін жеткізді.
«Қалпына келтіру жұмыстары қатаң кестемен жүргізіліп келеді. Қарғалы өзенінің бойында орналасқан барлық көше тазартылды. Барлық үй электр энергиясымен, табиғи газбен, байланыспен қамтылды. Аудан жақын арада сумен толығымен қамтылады», — деді әкім.
Айта кетейік, «Холдинг Алматы су» МКК хабарлауынша, бүгін Наурызбай ауданының тұрғындарына суық су беріле бастады. Судың толық тұнбағанына байланысты, әзірге берілген су ауыз суға жатпайды. Қазір тұрғындарға ауыз суды 1+9 су тасығыш көлігі тасымалдап жатыр.