Алматы әкімі азық-түлікке бағаның қымбаттауына наразы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі азық-түлікке бағаның қымбаттауына наразы

Алматы әкімі азық-түлікке бағаның қымбаттауына наразы

Алматы әкімі Ахметжан Есімов азық-түлік бағасын ырықтандырудың жаңа шараларын қолдану керек деп санайды.

  • 7 Маусым 2011
  • 601
Фото - Caravan.kz

«Қазір сатып алуға болатын тауар түрлеріне баға өсіп отыр. Пияз, сәбіз, картоптың бағасы неге қымбат? Бұл талдауды кім жүргізді? Нақты жұмыс көріп отырғаным жоқ. Біздің құқық қорғау органдарымыз қайда қарап отыр? Бәсекелестікті қорғау жөніндегі инспекцияның аймақаралық инспекциясы не істеп отыр?» деді А.Есімов Алматыда азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жиын барысында.

Оның баяндамасын әкімнің баспасөз қызметі таратып отыр.
Онда атап өтілгендей, жылдың басынан бері Алматыда инфляция жалпыреспубликалық деңгейде қалды, яғни 4,8%.
«Бағаларды мониторингтеу және қалада инфляциялық процестерді ырықтандыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған. Оған кеден өкілдері, статистика басқармасының, құқық қорғау органдарының, аудандық әкімшіліктердің өкілдері енген».
Сонымен қатар, бағаларды тұрақтандыру үшін Алматыда биыл наурызда Алматыға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы меморандумдарға қол қойылған.
Алайда, А.Есімовтің айтуынша, бұл шаралар ойдағыдай тиімді болмады, өйткені «жұмыс тобы анықтаған фактілерді құзыретті органдар ойдағыдай елеп отырған жоқ».
Жиналыс нәтижелері бойынша Алматының аудандық әкімшіліктеріне азық-түлік жәрмеңкелері мен сауда нысандарында бағаның қалыптасуына бақылауды күшейту тапсырылған.

Соңғы жаңалықтар